Шығыс Қазақстан облысында соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден берілді
Шығыс Қазақстан облысында тұратын соғыс ардагерлерінің әрқайсысына бір жарым миллион теңгден берілді. Ал концлагер тұтқындары мен тылда еңбек еткендерге 50 мың және 150 мың теңгеден көмек көрсетілді. Қазір өңірде екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 14 ардагер тұрады. Оқушылар мен студенттер және волонтерлер оларға жыл он екі ай қамқорлық көрсетеді. Биыл ардагерлердің бірқатары орталық саябақта бас қосты. Оларға облыс әкімі Президенттің құттықтауын жеткізіп, сый-сыяпатын жасады. Ал 14 ардагерге Шығыс Қазақстан облысының «Құрметті ардагері» атағы берілді.
Мәнсара Нұрғазина, соғыс ардагері:Тоқсаннан асқан шағымызда көзіміз көрмей, сөзден жаңылып жүргенде, бізді еске алып, бас қостырып, көңілімізді көтеріп тастадыңыздар. Сіздерге де біздің жасымызды берсін. Дүние тыныш болсын. Жер-Анамыз гүлдеп тұрсын.
Айтқазы Шерубаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:Облыс әкімі Ермек Беделбайұлының шешімімен, рұхсатымен Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет Шығыс Қазақстан облысының «Құрметті ардагері» деген медаль жасаттық. Біріншіден он төртінші нөмірге едйін сол жаңғағы құрметті ардагері деген сол соғысқа қатысқандарға берілді. Президенттің құқттықтау хаты, сыйлықтар берілді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22