Қостанай облысында орман өрті: Баспана салуды мемлекет мойнына алғаны жөн
2022 жылы Қостанай облысында орман өртінен жүзге тарта отбасы баспанасыз қалған еді. Оларды тұрғын үймен қамтуды мемлекет өз мойына алған. Бір жарым айдан соң Әулиекөл ауданының орталығынан жаңа шағын аудан бой көтерді. Аумағы 100 шаршы метр болатын төрт бөлмелі 91 үй салынды. Тұрғындар мемлекеттің баспана құрылысын жүргізуді өз мойнына алғаны дұрыс шешім болды деп есептейді. Себебі қаржы бөлінгенмен, үйді өз бетінше салу оңай шаруа емес.
Қуаныш Тоғаев, Әулиекөл кентінің тұрғыны:Ақша қазір бәрібір жетпейді. Қанша берсе де, бәрібір сала алмайсың үйді. Оған техника керек, мамандар жалдау керек. Ал былай сала алмайсың үйді.
Екі жылдан бері осында тұрып жатқан жұртшылық үйлерінің сапасы өте жақсы екенін айтады. Орталық су желісі, табиғи газ тартылған. Көшелер асфальтталып, жарық орнатылған. Бір сөзбен айтқанда жайлы тұрмысқа қажеттің бәрі бар.
Валентина Бадагова, Әулиекөл кентінің тұрғыны:Үйіміз жақсы. Жылы. От жақпаймыз, су тасымаймыз. Қаладағы пәтерден еш айырмашылығы жоқ.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14