Әскери оркестр астаналықтарды ерекше құттықтады
Олар қала халқы мен қонақтарға қазақтың халық, патриоттық әндерінен шашу шашып, ерекше көңіл күй сыйлады. Музыкалық шеру Кенесары хан ескерткішінен басталып, жазғы амфитеатрда аяқталды. Әскерилердің шеруінен Самал Қабышева толығырақ.
Самал Қабышева, тілші:Сапта біркелкі жүру әрине әскерилер үшін оңай. Алайда нық қадам басып бір аспапта ойнау ерекше ептілікті қажет етеді. Ырғақтан жаңылмай кез-келген әуенді нақышына келтіру нағыз шеберлік пе дейсің. Бұл бірінші кезекте командалық жұмыс.
Самал Қабышева, тілші:Астаналық көптеген тұрғындар да әскерилермен бірге сап түзеп келе жатыр. Сондай қала тұрғының бірі қасымызда.
Нұржан Ешниязов, Астана қаласының тұрғыны:Барша Қазақ халқыма Отан қорғаушылар күні құтты болсын. Әскерилердің шеруіне сонау Кеңесары ескерткішінен келе жатырмыз. Қаншама адам жолда кездесіп, бәрі ілесіп, қуанышты шеру болып жатыр.
Самал Қабышева, тілші: Әскери шеру көңілізден шықты ма?
Рано Шілтенбаева, Шымкент қаласының тұрғыны :Керемет. Ойланып жүрген едім. Көңіл күйім керемет көтерілді.
Самал Қабышева, тілші:Астанада жауын жауып кетті. Бірақ, жауын астаналықтардың көңіліне әсер етіп жатқан жоқ. Халықтың өзінен сұрайық. Мереке құтты болсын. Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Мөлдір Салабекова, Астана қаласының тұрғыны:Көңіл-күйіміз тамаша. Жауынның жауғанына қарамастан әскерилердің орындауына тамаша.
Самал Қабышева, тілші:Жалпы өзіңіз айта кетсеңіз, оркестрдің қашаннан бері мүшесісіз.
Абзал Иманғалиев, оркестр мүшесі:Орталық оркестрде мен 2012 жылдан берімін. Осы инструментте 8 жыл оқыдым. Колледж, академияның 4 жылы бар. Осындай көрермендерге көңіл-күй сыйлау, өзімізге де ұнайды. Шабыттанамыз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07