Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор екенін айтты. Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық деді.

Президент өз сөзінде. Біз әскеріміздің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты міндеттерді жүзеге асыру барысында да көріп жүрміз. Алапат тасқын ел-жұртқа қауіп төндіргенде, сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Олар өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетті. Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді – деп атап өтті.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу