Атырау облысы Махамбет ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Атырау облысы Махамбет ауданында су қауіпті деңгейден асып кетті. Осыған байланысты бүгіннен бастап балабақшалар жұмысын тоқтатты. Толығырақ ахуалды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланыста баяндауға әзір.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Махамбет ауданында су деңгейі 7 см-ге көтеріліп, 853 см-ге жетті. Қауіпті деңгейден 3 см-ге асып кетті. Қазір тасқынның алдын-алу мақсатында жұмыстар жүріп жатыр. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін арнайы 22 эвакуациялық пункт пен 26 техника дайын тұр. Ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы күшейтілген режимге көшті. Арнайы кезекшілік кестесі бекітіліп, су деңгейі тәулік бойы бақыланып отыр. Индерде Жайық қауіпті деңгейден 22 см-ге көтеріліп, қазір 867 см-ді көрсетіп тұр. Ауданға қарасты Есбол ауылының маңында Жайық өзенінде қалып қойған 65 жылқыны құтқарушылар қауіпсіз жерге айдады. Ал Атырау қаласында су деңгейі 4 см-ге көтеріліп 493 см-ге жетті. Қазір жауаптылар жаға бекіту жұмыстарын аяқтауға жанталасып жатыр. Алдағы шығарылымдарда ақпаратты толықтыратын боламын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09