Қазақстанның келіссөздер ұйымдастыруда тәжірибесі көп - Сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның келіссөздер ұйымдастыруда тәжірибесі көп - Сарапшы

03.05.2024

Президент 15 сәуір күні Ереванда өткен келіссөздер барысында Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнағаны маңызды, -деп ерекше атап өткен еді. Сондай-ақ, келіссөздер үшін Қазақстан өз алаңын ұсынуға дайын екенін айтқан. Президенттің осы мәлімдемесінен соң шетелдік сарапшылар баспасөз беттерінде пікір білдіре бастады.

Мәселен, Zakon.kz сайтына сұхбат берген саяси сарапшы Фархат Мамедов «Қазақстан Президенті екі ел арасындағы бейбіт келісімді өткізуді Алматыда жоспарлап отыр. Бұл жерде үлкен символикалық мән бар. Себебі, 1991 жылы «Алматы декларациясы» осы жерде қабылданды. Сегіз тәуелсіз мемлекет құнды құжатқа қол қойды. Оның ішінде Әзербайжан мен Армения да бар. Келіссөздер үшін қазақстандық алаңның басқалардан артықшылығы осында», - деп пікір білдірген.


Хабарламаларға жазылу