АҚШ-та екі мыңнан астам студент қамауға алынды
АҚШ-та Израилдің Газадағы қырғынына қарсы наразылық акциясына шыққан екі мыңнан астам студент тұтқындалды. Жергілікті полиция жастарды оқу орындары алаңдарынан күшпен кетіріп жатыр. Индиана университетінің төбесіне мерген қойылса, Виржинияда студенттерге қарсы көз жасаурататын газ қолданылды. Ал, Лос-Анджелесте Израиль жақтастары Калифорния университетіндегі бейбіт шеруге шыққан студенттерге шабуыл жасап, ондаған адамды жарақаттаған. Бірақ, полиция да, оқу орнының қауіпсіздік қызметі де оларға араша түсіп, бұзақыларды ұстамаған. Еске салсам, 34 штатта 70-тен астам универсиеттің жастары көшеге шығып, бір аптадан бері АҚШ билігінен Израилді қаруландыруды тоқтатуды талап етіп жатыр.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді
26.03.2026, 20:59
Наурыз мейрамы тойланды
26.03.2026, 20:57
Наурыз-думан сән-салтанатпен аталды
26.03.2026, 20:54
5000 адам «Ақбұлақ» әнін бір мезетте орындады
26.03.2026, 20:52
Алматыда бірлікті бейнелейтін арт-нысан ашылды
26.03.2026, 20:48
«SuperStar KZ» қайта оралды
26.03.2026, 20:47
ӘЧ: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр
26.03.2026, 20:45
Премьер-министр елдегі ең ірі электр станциясының құрылысымен танысты
26.03.2026, 20:16