Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты
Президент - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астанада Ұлттық ұланның авиация базасының ашылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл отаншылдық сезімді оятып, жауынгерлік рухты арттыратын мәртебелі мереке екенін айтты. Сонымен қатар Қарулы Күштерді егемен еліміздің мықты қалқаны, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас тірегі ретінде атап өтті. «Авиациялық базаның ашылуы – Ұлттық ұлан ғана емес, бүкіл әскеріміз үшін айтулы оқиға. Бұл база күштік құрылымдардың әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштардың шұғыл әрекет етуіне жағдай жасайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Темірлан» тарихи экшн-драмасы бүгіннен бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды
09.04.2026, 20:18
Абай облысына Премьер-министр Олжас Бектенов іссапармен барды
09.04.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
09.04.2026, 20:15
ШҚО-да «Тұрғындар аманаты» жобасы бойынша форум өтті
09.04.2026, 20:13
АҚШ-Иран келіссөзі сенбіде өтеді
09.04.2026, 20:13
Бельгияда ұстаздар шеруге шықты
09.04.2026, 20:10
ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау тетіктері талқыланды
09.04.2026, 20:09
Қазақстан жаһандық рейтингте үздік 20 елдің қатарына енді
09.04.2026, 20:08