БҰҰ Шығыс Африка елдеріне гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр
Біріккен Ұлттар Ұйымы алапат тасқыннан зардап шеккен Шығыс Африка елдеріне қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Соңғы апталарда Кения, Танзания, Бурунди, Сомали және «Қара құрлықтың» өзге де бөліктерінде су апатынан жүздеген адам қаза тапты. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілі Стефан Дюжжариктің мәлімдеуінше, су басқан елді мекендердің тұрғындарына азық-түлік, төсек орын, су резервуарлары, масадан қорғайтын торлар, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек және гигиеналық құралдар жіберіліп, психологиялық көмек көрсетілді. Бұл гуманитарлық миссия осы ұйым мен оның жергілікті жерлердегі серіктестерінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14