АҚШ-та нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты
АҚШ-тың Хьюстон аймағында нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты. Жергілікті билік өзен бойында тұратын тұрғындарға жедел қауіпсіз жерге кетуді бұйырды. Әсіресе, Сан-Жакинто өзені сәт санап тасып, арнасынан асып барады. Су қоймасы да толған. Шенеуніктер Хьюстон қаласы орналасқан Солтүстік Харрис округіндегі адамдарды эвакуациялауды бастады. Тұрғындарға өзен бойынан мейлінше алшақ кету ескертіліп жатыр. Себебі, алдағы екі-үш күн бойы өзен суының деңгейі еселеп көтерілуі мүмкін. Жергілікті әкімшілік қазірдің өзінде үш уақытша орналастыру орталығын ашқан. Тағы төртіншісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
11.09.2026, 13:27
Е. Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 13:24
Астанада мамандар отбасы институтының өзгерісін талқылады
11.09.2026, 13:18
Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
11.09.2026, 13:15
Павлодар облысында шалғай елді мекендердегі үйлерді жаңартуда
11.09.2026, 13:12
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттеледі
11.09.2026, 13:09
Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
11.09.2026, 13:06
Президент Үндістанға жұмыс сапарымен барады
11.09.2026, 13:03