Костенко шахтасында түтін шығып, 200-ге жуық кенші қауіпсіз жерге шығарылды
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында конвейер лентасынан ақау шығып, 200-ге жуық кенші қауіпсіз жерге шығарылды. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жандос Бақытұлы қазір бізбен тікелей байланыста. Жандос, кеншілердің жағдайы қалай?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Шахтаның басқару бөлмесінде түтін сигнализациясы іске қосылып, шахтадағы 194 кенші бірден эвакуацияланды. Барлығы дін аман. Қазір 4-ші ауысымның жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдын ала себеп - төменгі төсемнің ролигіне бөгде зат түсіп, оның жұмысын тоқтатқан, содан конвейер лентасы бықсыған. Қауіпті алғаш болып конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосанов көріп, бірден өрт сөндіру құралдарының көмегімен сөндірген. Жағдайды бақылап, тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен жетекшілерінен 7 жұмысшы шахтада қалды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Ақаудың жоқтығына көз жеткен соң барып, кеншілер жұмысқа кіріседі. Еске салсақ, өткен жылы 28 қазан күні тура осы шахтада үлкен апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық дегеніміз – ең алдымен ішкі мәдениеттің өлшемі»
12.10.2026, 11:32
Президент: Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді
12.10.2026, 11:15
Ұстаз болу – қасиетті миссия
12.10.2026, 10:15
Өкпе обырын ерте анықтауға арналған бағдарлама іске қосылады
12.10.2026, 10:14
Көкшетау 2029 жылға дейін табиғи газ желісіне қосылады
12.10.2026, 10:11
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
12.10.2026, 10:10
Эр-Риядтағы шабуылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
12.10.2026, 10:09
Хуситтер әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы беріп, жүздеген адамды жаралады
12.10.2026, 10:07