«Мемлекеттің балалары» деректі фильмінің таныстырылымы өтті
«Мемлекеттің балалары». Осындай тақырыптағы балалар үйінің түлектері туралы деректі фильмнің таныстырылымы өтті. Туындыны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты дайындаған. Онда интернаттан шыққан 4 кейіпкер басынан өткен оқиғасын баяндайды. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар көбіне қандай қиындықтарға тап болатыны жайлы айтады. Оның ішінде білім алу, жұмысқа орналасу, баспана алу сынды мәселелер бар. Фильмді дайындау барысында 40 адамнан сұхбат алынған. Олар: балалар үйінің тәриеленушілері мен сарапшылар. Зерттеу еліміздің 5 қаласында жүргізілген.
Нұрбек Матжани, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы:
2022 жылы балалар үйінен түлеп шыққан тәрибеленушілердің тағдырына байланысты үлкен, көлемді зерттеу жүргізгенбіз. Оның аты түлектердің қоғамда бейімделуіне байланысты. 30 осындай түлектен тереңдетілген сұхбат алынған. Сол 30 баланың ішінен төртеуін іріктеп олардың қоғамда бейімделуінде қандай проблемалар бар екенін көрсетуге бағытталған деректі фильм десек болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнеткерлер «Алтын жас» бағдарламасымен жұмысқа кіруге болады
29.04.2026, 17:35
Абдолла Қарсақбаевтың туғанына - 100 жыл
29.04.2026, 17:33
Ахмет Жұбановтың туғанына - 120 жыл
29.04.2026, 17:30
6500 оқушы бейбітшілік нышаны ақ көгершінді бейнеледі
29.04.2026, 17:27
Халық бірлігі – мемлекеттің мызғымас беріктігі
29.04.2026, 17:25
Жамбыл облысында қазақтілді этностар көбейіп келеді
29.04.2026, 17:22
Алматыдағы түлектер мектеп аумағын көгалдандырды
29.04.2026, 17:20
Көкшетауда «Шоқан оқулары – 2026» конференциясы өтіп жатыр
29.04.2026, 17:18