Батыс Қазақстанда су ұңғымасы жиырма күннен бері суда тұр
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпный ауылында су ұңғымасы жиырма күннен бері суда тұр. Қазір "Жарқын" шағын ауданындағы 120 отбасыгна тіршілік нәрі тасымалданып жатыр. Орталық су құбырына сәуірдің ортасында қарғын су жайылған. Шағын аудан тұрғындары содан бері таза сусыз отыр. Жергілікті әкімдік күнара төрт тонна болатын екі бөшкені суға толтырады.
Мәлік Жаманғарин, Подстепный ауылының тұрғыны:
Ішетін су жоқ. Ішетін суды балалар қаладан алып келеді. Біз мына суды іше алмаймыз. Себебі кеше су бітіп қалғанда, қалдығын алайын деп келсем, іші топырақ кәдімгі.
Ал ауыл әкімі судың таза екенін, қаладан тасымалданатынын айтады. Ауыл іргесіндегі қосымша су көзінен техникалық су тартылатынына уәде берді. Ал, тұрғындар, ауылды тасқыннан зардап шеккендер қатарына қосуды сұрайды.
Мейірбек Сұлтанов, Подстепный ауылдық округінің әкімі:
Суды қосу мәселесі мына су кетпей мүмкіндік жоқ. Себебі насос, трансформатор - бәрі суда түр. Сол себепті қоса алмаймыз. Су кеткесін, бәрін тазалаймыз сосын су беріледі. Шамамен маусым аяғында болар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жыл қорытындысы: Биыл қандай жетістікке жеттіңіз?
30.12.2025, 13:51
Қызылорда облысында жыл үздіктері марапатталды
30.12.2025, 13:48
Жетісу облыстық ҚХА 30 жылдық мерейтойын қорытындылады
30.12.2025, 13:46
Америкада 5 жылда 150 қазақстандық бизнес ашты
30.12.2025, 13:45
Қазақстанда жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар тексеріледі
30.12.2025, 13:41
Қызылорда облысында шалғайдағы ауылға ауыз су берілді
30.12.2025, 13:40
Қазақстан экономикасы рекордтық өсім көрсетті
30.12.2025, 13:29
Елімізде биыл 167 жаңа өндіріс орны ашылды
30.12.2025, 13:27