Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады. Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Қазақстанда хоккей спортының ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Елімізде хоккей мектептері мен жастар командалары көбейіп, түрлі деңгейдегі жарыстар белсенді ұйымдастырыла бастады.
Ал Владислав Третьяк қонақжайлық танытқаны және Астанада өтіп жатқан «Qazaqstan Hockey Open 2024» халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның жетістіктерге жетуі спорттың командалық түрлеріне мемлекет тарапынан лайықты деңгейде мән берілуінің нәтижесі екенін айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05