Ат жарысынан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі
Бүгін Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен ат жарысы өтті. Бәйгеге алыс-жақын елдерден атбегілер мен шабандоздар келді. Ал билеттен түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жіберіледі. Ат жарысына 70 пырақ қатысып, бірнеше қашықтықта бақ сынады. Ең ұзыны – 2 мың шақырым . Додада шабандоздардың салмағы мен сәйгүліктің жасы да ескерілді. Сайыста оза шапқан тұлпарлар Қазақстан құрамасына іріктеліп, оның атбегісі мен шабандозы біліктілігін арттыру үшін шетелдік мамандармен тәжірибе алмасады. Ал жарыс соңында көкпар тарту, теңге ілу, қыз қуу болды.
Диклен Гелспи, Бапкер /Ирландия/:
Бүгінгі шараға келген тұлпарлардың шабысы, көрермендердің көптігі, соның ішінде әсіресе жастардың басым бөлігі бұл спорт түріне қатты қызығатынына таңқалып тұрмын. Менің ойымша, қазақтың бәйгеге қосатын сәйгүліктері мықты. Кабирхан секілді талайды таңдай қақтырған тұлпарлар Қазақстанның атын әлі талай әлемге танытады деп сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:58
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:45
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:20
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:19
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:17
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:15
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:12
Қайғыдан қаралым жинау – адамгершілікке жат қылық
25.09.2026, 20:08