Басты Жаңалықтар Тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға, астаналық оқушылар да көмектеспек

Тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға, астаналық оқушылар да көмектеспек

Тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға, астаналық оқушылар да көмектеспек. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, қаладағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде, қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан болып жатқан шараға, елордадағы халықаралық мектеп пен балабақшаның қызметкерлері және ата-аналар ұйытқы болды. Оған 400-ден астам ата-ана мен 500 жуық оқушы қатысты. Жәрмеңкеде 26 мемлекеттің стендтері орнатылып, түрлі тәтті-тағамдар, қолөнер бұйымдары сатылды.

Ерхан Алтынбекұлы, Ұйымдастырушы:

Жәрмеңке ұйымдастырып, көріністер көрсетіп сол жиналған қаражатты қиналып жатқан өңірлерге жіберу. Халықаралық мектеп болғандықтан, 30-дан астам елдің балалары оқиды ол елшілердің балалары, кәсіпкерлердің балалары сол кісілердің өздерінің ат салысуымен сосын елшілерге хат жаздық. Солардың көмектерімен осындай іс-шара өткізіп жатырмыз.


Бөлісу