Елімізде 140-тан аса сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 140-тан аса сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді

30.04.2024

Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқан. Осы байланысты одан әрі нығайта түсу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады. Екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу нәтижелі өтті.

Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады, деді. Кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастық перспективаларына баса назар аударылды. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды .


Хабарламаларға жазылу