Тасқыннан зардап шеккендерге еліміздегі құс өсірушілер қауымдастығы да көмек қолын созып жатыр
Тасқыннан зардап шеккендерге еліміздегі құс өсірушілер қауымдастығы да көмек қолын созып жатыр. Табиғи апат болған аймақтарға қауымдастық осы уақытқа дейін 1 млн дана жұмыртқа мен 1 тоннадан артық құс етін жөнелткен. 4 млн теңгеге резеңке етіктер, электр генераторлары мен палаткалар, төсек орын алып берді. Өздеріне тиесілі ғимараттарда уақытша паналау орталықтарын ашып, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастырды. Қызметкрелері мен ауыр техникаларын тасқынға қарсы күреске жұмылдырды.
Қайрат Маишев, Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті:
Бұл біз осымен тоқталамыз деген сөз емес. Көмек беруді әрі қарай жалғастырамыз және өзге де әріптестерімізді ортақ іске жұмылуға шақырамыз. Қазір тасқыннан зардап шеккен аймақтарға ең қажетті заттардың тізімін дайындап жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12