Су тасқынынан зардап шеккен 66 мыңнан астам адамның несиесі кейінге шегерілді
Су тасқынынан зардап шеккен 66 мыңнан астам адам кредитін үш ай төлемейтін болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, олардың жалпы берешегі 49,6 млрд теңгеден асады. Бұдан бөлек, 68 кәсіпкердің де қарызы кейінге шегерілді. Тасқыннан зардап шеккен бұл бизнес субъектілерінің несиесі 1,8 млрд теңгеге жетеді. Қарызды өтеу мерзімі 30 маусымға дейін шегерілді.
Президент жарлығымен Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2020 жылдың қыркүйегінде тағайындалған. Бұған дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы», «Қазпошта»-ның басқарма төрағасы, Президенттің кеңесшісі сынды түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12