Премьер-Министр Душанбеге ресми сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Душанбеге ресми сапармен барды

30.04.2024

Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Тәжікстанға ресми сапармен барды. Күн тәртібінде сауда, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бар. Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді.

Бұдан бөлек, Олжас Бектенов Тәжікстан Үкіметінің басшысымен сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегін талқылады. Бүгінде Қазақстан – бүгінде Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесіне айналған. Кездесуде Қазақстанның шамамен құны 190 млн доллар болатын 85 тауар позициясы бойынша экспортты арттыруға дайындығы сөз болды. Делегациялар жаңа бірлескен өндірістер құрудың өзектілігін атап өтті. Қазақстанның мол тәжірибесін ескере отырып, Тәжікстан аумағында кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды.


Хабарламаларға жазылу