Алғаш рет «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғаш рет «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді

29.04.2024

Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Көрсетілім 17:00-де басталып, 22:00-ге дейін жалғасады. Шараның онлайн трансляциясы телеарналардың ресми сайттарында, Facebook және YouTube желілерінде жүргізіледі. 5 сағаттық тікелей эфирде тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың жан тебірентер оқиғалары, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі. Төтенше жағдай кезінде батылдық танытып, өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тігіп, қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған жандар эфир қонағы болады. Сондай-ақ, ресми орган өкілдері өңірлердегі апат салдарын жою және қалпына келтіру мен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, материалдық шығындарды өтеу жөніндегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді. «Біз біргеміз» телемарафонында еліміздің 8 өңірінен тікелей қосылым ұйымдастырылады. Телемарафонның дайындығы жүріп жатыр.

Болат Мүрсәлім, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры:

Марафонның мақсаты – қиындықты бірге жеңе білгенімізді көрсету. Дайындық жағынан қазір көбіне техникалық сәттер ғой, ол жағынан біздің бүкіл телеарна бірігіп, жұмылып бірге жұмыс істеп жатыр, сондықтан дайындық жағы бәрі дұрыс болады деп айтсақ болады.

Ғалым Кәлмен – «Еуразия» бірінші арнасының жүргізушісі:

Бұған дейінде талай марафондарға қосылып жүрміз, тікелей эфирлерді тізгіндеп жүрміз. Бірақ, қобалжудан гөзі жауапкершілікті сезіну деп айтқанымыз дұрыс шығар. Бұқаралық ақпарат құралдарының қайсыбірінде болмасын қарап шықсам мықтылары, ел танитын ел аузында жүрген жураналистер қосылып жатыр екен. Сол себепті өте жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін.


Хабарламаларға жазылу