Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстары жалғасуда
Бүгін Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Карин Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институтында белгілі тарихшы ғалымдармен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында берілген тапсырмаға сәйкес дайындалып жатқан «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» көптомдық академиялық басылымның әзірлену барысын талқылады.
Жиында әр том бойынша жетекшілер материалдың ғылыми негізділігі мен бірыңғай безендіру жұмыстары жүріп жатқандығын айтты. Мемлекеттік кеңесші бұл ғылыми жобаны жүзеге асыру барлық тарихи фактілерді, материалдар мен құжаттарды жан-жақты зерделеуді қажет ететінін атап өтті. Көптомдықты әзірлеуге 5 ғылыми институт, еліміздің 250, ал шетелден 60-тан астам тарихшы ғалымдары жұмылдырылды. Ал кітапқа 40-тан аса археологиялық зерттеу жұмыстары мен 300-ге жуық еңбек енгізілмек.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01