Атыраудағы Жайыққа Батыс Қазақстаннан су келіп жатыр
Атырау облысындағы Жайықтың су деңгейі бүгін 8 см-ге көтерілді. Оған Батыс Қазақстан облысының аумағынан жылыстап келген су әсер еткен. Бұл - Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі. Мамандар су деңгейі одан әлі көтерілуі мүмкін деп отыр. Сондықтан бөгеттерді нағайту жұмыстары әлі тоқтаған жоқ. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды. Ал Құлсары қаласын судан тазарту жұмыстары әлі жүріп жатыр. 207 мың текше метрден астам су тартылған. Жалпы ел бойынша бүгінге дейін 38 мыңнан астам адам өз үйіне оралды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті
12.10.2026, 13:46
Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
12.10.2026, 13:20
Жетісу облысында тағы 6 ветеринариялық пункт салынып жатыр
12.10.2026, 13:15
Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған
12.10.2026, 13:13
Хуситтер Әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы берді
12.10.2026, 13:10
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 13:07
Қызметтердің 92%-ы электронды форматқа көшірілді
12.10.2026, 13:05
Киберқылмыс 40 пайызға азайды
12.10.2026, 13:03