Қостанай облысында тасқынның зардабын жоюға 2,4 млрд теңге бөлінді
Қостанай облысында төтенше жағдай резервінен тасқынның зардабын жоюға 2,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы тұрғындардың шығынын өтеуге және инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады. Сонымен қатар Үкіметтің төтенше резервінен Арқалық қаласынан пәтер сатып алуға бірінші транш бойынша 405 миллион теңге берілді. Бұған 27 пәтер сатып алынды. Тасқын кезінде мыңға тарта малдың өлгені анықталды. Соның 800-ге жуығына өтемақы төленді.
Облыста 2 мыңға жуық өтініш бойынша 640 млн теңгеден астам әлеуметтік көмек берілді. Қазір су тасқыны кезінде бұзылған тұрмыстық техника мен жиһазды есепке алып, бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр.
Дауренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12