Өзбекстанда өзара сауда-саттық көлемі артты
Биылғы жылдың үш айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық көлемі 930 млн доллардан асты. Осылайша Қазақстан көрші елдің негізгі сауда серіктестерінің алғашқы үштігінен орын алды. Бұл жайлы Өзбекстанның статистика агенттігі хабарлады.
Қаңтар-наурыз айларында елдегі сыртқы сауда айналымы 15,8 млрд долларға жеткен. Яғни, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,2%-ға артып отыр.
Бүгінде Өзбекстан әлемнің 184 елімен сауда-саттық жасайды. Басты серіктестерінің көшін Қытай бастап тұр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллардан асты. Екінші орында Ресей. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 2,8 млрд долларды құрайды. Үштікті түйіндеген Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы, 937 млн доллар.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді
26.03.2026, 20:59
Наурыз мейрамы тойланды
26.03.2026, 20:57
Наурыз-думан сән-салтанатпен аталды
26.03.2026, 20:54
5000 адам «Ақбұлақ» әнін бір мезетте орындады
26.03.2026, 20:52
Алматыда бірлікті бейнелейтін арт-нысан ашылды
26.03.2026, 20:48
«SuperStar KZ» қайта оралды
26.03.2026, 20:47
ӘЧ: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр
26.03.2026, 20:45
Премьер-министр елдегі ең ірі электр станциясының құрылысымен танысты
26.03.2026, 20:16