АҚШ-та торнадо соғып, 5 адам қаза тапты
АҚШ-тың орталық штаттарында қайта-қайта соққан торнадодан кемінде 5 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде 4 айлық бала бар. Сонымен қатар ондаған мың адам жарықсыз қалып, талай үй жермен-жексен болып, бір Оклахоманың өзінде 100 шақты тұрғын жараланды.
Құрама Штаттардың Ұлттық метеорология қызметінің ескертуінше, қазір 7 миллиондай адамға торнадодан қауіп төніп тұр. Ал Шығыс Техастан Иллинойс пен Висконсинға дейінгі аралықта тұратын 47 миллион америкалыққа алапат дауыл соғатыны, жауын құятыны және бұршақ жауатыны хабарланды. Ал солтүстік-батыс Техастан Канзас пен Миссуриге дейінгі кеңістікте 40 жуық торнадо соғуы мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09