Н.Назарбаев «Әулие Ата» халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев «Әулие Ата» халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалында болды

08.10.2015
Н.Назарбаев «Әулие Ата» халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалында болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әулие ата» халықаралық әуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысына жаңа терминал таныстырылып, әуежайды қайта жөндеу, арнаулы жаңа техникалар алу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды.

«Әулие ата» әуежайы әуежай кешенін, аэровокзалды, аэродромды, авиациялық-техникалық базаны қамтиды. Сондай-ақ, онда ұшуды радио құралдары көмегімен және жарықпен қамтамасыз етуге арналған құрылғылар, түрлі техникалар және басқа да жабдықтар бар.

 

Хабарламаларға жазылу