Маңғыстауда жасыл сутегі өндіретін әлемдегі ең ірі зауыт салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жасыл сутегі өндіретін әлемдегі ең ірі зауыт салынады

27.04.2024

Маңғыстауда жасыл сутегі зауытының жобасы әзірленіп жатыр. Қазір мамандар заманауи технологияларды қарастыруда. Өндіріс технологиясы нақтыланған соң, оған ғылыми тұрғыда баға берілмек. Осы мақсатта Ақтауда еліміздің және неміс ғалымдары бас қосып, жасыл сутегі өндірудегі әлемдік тәжірибе мен озық технологияларды талқылады. Сарапшылар энергетика саласын тұрақты дамытудың инновациялық тәсілдерін қарастыруда. Айта кетейін, жасыл сутегі өндіретін әлемдегі ең ірі 5 зауыттың бірі – Маңғыстауда Қарақия ауданы аумағында салынады. Кәсіпорын жел мен күн энергиясын пайдаланып, жылына 2 миллион тоннаға дейін сутегі өндірмек. Жоба 2030-жылы іске қосылады деп жоспарланған. Кәсіпорынға маман дайындау қазірден басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Ақтау университеті жанынан «Қазақ-неміс тұрақты инженерия» институты құрылып, қазір 30 студент білім алып жатыр. Зауыт ашылғанша, 1 мың инженер дайындалмақ.

Берік Ахметов, университет ректоры:

Жасыл сутегі бойынша көкейтесті мәселелер жеткілікті. Оның сақтауы, оны транспорттау, Оны каспийден өндірген кезде судың деңгейі қалай түседі. Түскен кезде қаншалықты осы әртүрдлі тартпа әңгімелер туындамау үшін, ғылыми тұрғыдан баға беріп, осы ортақ мәселелерге бірге жауап беру. Сондықтан осы Қазақстанның ғалымдары мен Неміс ғалымдарына ортақ платформа құрып жатырмыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу