Атырауда мектептер офлайн оқыту форматына көшеді
Атырауда бөгет нығайту жұмыстары аяқталуына орай мектептер офлайн оқыту форматына көшеді. Алайда қауіп сейілді деуге әлі де ерте. Өйткені Жайықтың деңгейі күн санап көтеріліп келеді. Аймақтағы жағдайды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланыста жеткізуге әзір. Нұрсұлтан...
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Алдағы дүйсенбіден, яғни 29 сәуірден бастап қала мектептеріндегі сабақ штаттық режимде жалғасады. Ал оқушылардың кейбірі белгілі себеппен Атырау қаласынан тысқары жерде болса, олар оқуды онлайн форматта оқиды. Мәселен жаңа біразда ақпарат шықты облыстық жедел штабтың хабарламасында Махамбет ауданындағы мектептер оқушыларға қашықтан білім беруді жалғастыра береді. Егер су тасқыны жағдайы нашарласа одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады дейді әкімдіктегілер. Бүгін су деңгейі 431 смге жетті. Қауіп сейілген жоқ. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің бойындағы қорғаныс құрылыстарын тексеруді жалғастыруда. Өңірде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу кезеңінде 490 шақырымнан астам үйінді бөгеттер салынған. Қазіргі уақытта Жылыой және Қызылқоға аудандарында су тасқыны салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарында қапшықтар мен инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17