Шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген 32 адам сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген 32 адам сотталды

26.04.2024

Астанада шетелдік автокөліктерді заңсыз тіркеген 32 адам сотталды. Оның 15-не 9 жылдан 2,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жасазы тағайындалды. Қалған 17-і бас бостандығынан шектелді. Сотталғандардың ішінде 7 полиция қызметкері де бар. Самал Қабышева толығырақ.

Сот материалына сәйкес, ұйымдасқан топ қылмысты 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың мамыр айы аралығында жүзеге асырған. Айналдырған жарты жылға толар толмас уақыттың ішінде 462 көлікті заңсыз тіркеп үлгерген. Тіпті Қазақстан аумағына жеткізілмеген 77 көлікті де тіркеп тастаған.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі:

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 басшысы қылмыстық топ құрып, лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, оны басқарған.

5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары көптеген мәмілелерге қатысып, ақшалай қаражаттың бір бөлігін алып отырған. Полиция қызметкерлері - ұрлық белгілері болмаған кезде алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіріп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өз мақсаттарын іске асырған.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 басшысы қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша айыпты деп танылды. Оларға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары деп танылған 5 адам 6 жылға сотталды. 3 делдал 2 жыл 6 айдан жарты жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 4 полиция қызметкеріне 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қалған 3 полиция қызметкеріне 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Ал, тағы 14 делдалға 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Самал Қабышева, тілші:

Шет елден келген көліктерді тіркеу барысында қылмыстың белең алуына түрткі болған жайттың бірі ол – түбіртек. Яғни, осы түбіртекті қолдан жасаушылар күрт көбейген. Мұндай қылмыстың алдын-алу үшін барлық жүйе автоматтандырылды. Яғғни, банкке төлем жүргізілгеннен кейін ол ақпараттың барлығы жүйе арқылы, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының базасынан шығып тұрады. Содан кейін ғана, көлікті рәсімдеу жұмыстары басталады.

Нұрдәулет Сәмет, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының басшысы:

Кез келген түбіртек жүйеге енгізілген кезде, автоматы түрде оның номері банк арқылы тексеріледі. Егер 2022 жылы 9,5 мың көлікті тіркеуінен 10 ақ миллиард түскен болса, енді 2023 жылы осы ұсыныстардың жүзеге асуының нәтижесінде 10 мың автокөліктен 91 миллиард теңге бюджетке түсті.

Ал қазір шет елден жеткізілетін көлікті рәсімдеу үшін кемінде 2 млн теңге жуық баж салығын төлеу қажет.

Бағлан Оразбай, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту дирекциясының координаторы:

Шет елден келіп жатқан көлік құралдары 2024 жылға сай айтатын болсам, яғн, 2021 жылы шыққан көліктеріне немесе одан жылы төмен шыққан көлік құралдарына мемлекеттік БАЖ салығы 500МРП. Ол дегеніміз 1млн 800 мыңнан астам теңгені құрайды.

Құжат пен төлем барлығы дұрыс болған жағдайда көлік 90 минут ішінде рәсімделеді дейді мамандар.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу