Оралда Жайық өзенінің деңгейі үздіксіз көтеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Жайық өзенінің деңгейі үздіксіз көтеріліп жатыр

20.04.2024

Көшпелі студия тасқынның екінші толқынын күтіп отырған Орал қаласынан жаңалықтарды жалғастырады. Біз "Жайықтың" жағасында тұрмыз. Мұндағы су деңгейі үздіксіз көтеріліп жатыр. Мамандар шекті межеге жақындап қалғанын айтады.

Ресейдің Орынборынан шыққан нөпір су Батыс Қазақстан облысына сәуірдің 22-сі, ал Атырауға 28-і жетеді деген болжам бар. Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метр 37 сантиметр болды. Қауіпті деңгей 850 см. Нөпір су алдымен Орынборға шекаралас жатқан Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылына бірінші болып жетеді. Елді мекендегі Жайықтың деңгейі күн сайын 30 см-ге дейін көтеріліп жатыр.

Қаладағы 1,2,3, Саяжай, Самал, Телеорталық аудандарына су жайылған. Өзен жайылмаларында орналасқан саяжай тұрғындарын көшіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бос қалған үйлерге жергілікті полиция кезекшілік ұйымдастырған.


Хабарламаларға жазылу