Шығыс Қазақстандағы Карагужиха өзені ластанып барады
Шығыс Қазақстандағы Карагужиха өзені ластанып барады. «Қазгидромет» мамандары өзеннен алған сынамадан кадмий, темір және марганец табылды. Құрамында улы заттар бар металдардың үлесі шекті мөлшерден 100 мың есе асып кеткені анықталды. Зиянды заттар өзен арнасына тау-кен компаниясына тиесілі ескі шахтадан түскен.
Қауіпті нысанды жою жұмыстарын жүргізген мекеме өрескел қате жіберілгенін, арнайы тексеру жүргізген табиғат қорғау прокуратурасының тергеушілері анықтады. Сондықтан, прокурорлар кәсіпорынға экологиялық шығынды өтеу және ескі шахтаны талапқа сай қайта көму жөнінде сотқа ұсыныс енгізбек.
Александр Акулов, Облыстық табиғат қорғау прокуроры:
«Востокцветмет» кәсіпорны тарапынан ескі шахтаны көму жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмағаны анықталды. Осыған байланысты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына актінің күшін жою туралы шағым түсірдік.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы сексуалдық қысым: Жасырын және жарияланбайтын мәселе
28.04.2026, 21:45
Қызға қол көтерген жігіт ұсталды
28.04.2026, 20:58
Бала қауіпсіздігі - басты назарда
28.04.2026, 20:55
Тұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
28.04.2026, 20:54
Qostanai tech ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
28.04.2026, 20:53
Бірлік түбі – береке
28.04.2026, 20:52
Зейнеткерлер ойын алаңын күтіп ұстап отыр
28.04.2026, 20:49
2 мың оқушы бір мезетте әртүрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 20:48