АҚШ-та студенттердің наразылық акциясы күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та студенттердің наразылық акциясы күшейіп келеді

26.04.2024

Израил билігінің Газадағы қан құйлы әрекетіне қарасы Америка студенттерінің наразылық акциясы күшейіп келеді. Қазір ондаған университетте жастар оқу орындарының басшыларынан Израилге қарасы нақты шара қолдануды талап етіп жатыр. Ал жергілікті полиция наразылық акциясына қатысушыларды тұтқындауға кірісті. 

Бұл АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университеті. Жарты мың студент Газадағы соғысқа қарсы наразылық акциясына шықты. Бірақ, тәртіп сақшылары оларды біртіндеп ұстап, күштеп таратып жатыр. Желгірлікті полиция жастарды оқу алаңынан кетіру үшін тіпті атты жасағын жіберген.

Джеймс О'Брайен, Техас университетінің студенті:

«Менің мұнда келген себебім біздің төлегем салығымыз жазықсыз жандарды өлтіруді қаржыландырылып жатыр. Шыдамның да шегі бар. Бұған ендігі төзе алмаймыз.»

Колумбия университетінде басталған наразылық акциясы бірер күнде бүкіл елге жайылып, ондаған қалада студенттер қолай жөнелді. Жастар университеттер алдына палаткалар тігіп ақш билігін сынға алды. Оқу орындары басшыларынан Израилге қару сатып отырған компаниялармен байланысты үзіп, акцияларынан құтылуды талап етті.

Дэвид Даусон, Техас университетінің студенті:

«Білім мен түсіністік туралы жоғары идеалдарды насихаттайтын оқу орнының өлім мен күйретуден, геноцидтен ақша тауып отырғаны шектен шыққандық».

Алайда, жастардың жан айқайларына құлақ асып жатқан оқу орны жоқ. Наразылыққа қатысқан жүздеген студентті қаматып, бір бөлігін оқудан шығару ісіне кірісіп кетті. АқШ билігі де бейбіт шеруге шыққандарды айптады. Тіпті, наразылықтарын қоймаса, әскер күшімен басуға бар.

Майк Джонсон, АҚШ Өкілдер палатасының спикері:

«Мен президент Байденге хабарласып, шара қолдануды талап етемін. Егер бұл тез арада тоқталмаса, Ұлттық ұланды көмекке тартуға тура келеді. Бұл кампустарда тәртіп орнатуға тиіспіз. Біз бұның бүкіл елге жайылып кетуіне жол бере алмаймыз.»

АҚШ оқу орындарында бейбіт наразылық шеруіне шығу бұрынан бар тәжірибе. Бірақ, сарапшылардың айтуынша, бұған дейін саяси көз қарастарын ашық білдірген студенттерді қудалау не күштеп тарату мүлдем болмаған. 

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу