Жетісулықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісулықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді

25.04.2024

Жетісулықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмектің кезекті легін жөнелтті. Бұл жолы тіршілікке қажетті заттар Батыс және Солтүстік Қазақстанға бағытталды. 50 тонна ұн тиелген вагон темір жол арқылы Оралға, азық-түлік, киім-кешек, ауыз су және тұрмыстық заттар тиелген екі жүк көлігі Петропавл қаласына аттанды. Жүк тиесуге Талдықорған қаласындағы әскери құрылымдар белсенділік танытса, гуманитарлық көмекті жинауға Қазақстан халқы Ассамблеясы, саяси партия мүшелері, кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестіктер мен еріктілер атсалысты. Апат болған аймақта қазір Талдықорғаннан аттанған 600-ге жуық әскери бөгет тұрғызып көмектесіп жатыр.

Құрметбек Сансызбайұлы «Отандастар қоры» қоғамдық ұйымы облыстық филиалының төрағасы:

Апат айтып келмейді ғой. Сол келген апат кезінде бірлігімізді нығайту, халықтың береке бірлігін көрсету. Осындай бір аяқ асты болған апаттан елімізді аман-есен шығару үшін халық жиналып, қол ұшын беріп жатқан жағдайымыз бар.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу