Ресейден келген қарғын су Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самара көлдеріне жіберілді. Су ресурстары министрлігінің мәліметінше, 20 жыл су келмеген көлдерге Ресейден ойысып келген 30 млн теше метр су құйылған. Бұдан бөлек соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жылтыркөл, Бірқазан, Саркөл, Салтанат көлдеріне су жіберілмек. Сондықтан «ҚазСуШар» мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Жәнібек сорғы станциясын іске қосуға дайындалып жатыр. Тағы бір айта кететін жайт, үйлерін су басқан саяжай иелерін құжат мәселесі алаңдатып отыр. Олардың бір реттік көмек алуы мен банктегі несиелерін кейінге шегеру жұмыстарына өңірде құрылған 4 бірдей қоғамдық штаб өкілдері көмектесіп жатыр. Әр қоғамдық штаб 11 адамнан жасақталған.
Нұрсұлтан Тілектес