Қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылуы керек! Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиянда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. Еліміздегі ұлттарды ұйыстырып, бірлікті бекемдей түсу үшін Ассамблея жұмысының бағыт бағдарын көрсетті. Мемлекеттік тілге, терроризм мен сепаратизмге қатысты маңызды мәлімдемелер жасап, этносаралық алауыздықтың алдын алуды тапсырды.
Қазақстан – бейбітшілікті ту еткен, киелі мекен. 100-ден астам этнос өкілін бауырына басқан қара шаңырақ. Бірақ сол шаңырақты шайқалтқысы келетіндер аз емес. Іште де сырттқа да татулығымызға көз алартқан арандатушылар жетерлік. Президент елге іріткі салатын кез-келген әрекетке дереу тосқауыл қойылуы керек деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жер жүзінде бәрімізді алаңдатын түрлі оқиғалар болып жатыр. Біртұтас ұлт ретінде дәл осы кезде біздің мақсатымыз да, ниетіміз де бір болуға тиіс. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды.
Мұндай орта қалыптастыру үшін президент үш бағытты айқындап берді. Алғашқысы – Ассамблея жұмысын еліміздің идеологиялық доктринасымен үйлестіру. Бұл ортақ құндылықтар Атыраудағы Ұлттық құрылтайда айқындалған еді. Олар: Тәуелсіздік пен Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік пен Жауапкершілік, Заң мен Тәртіп. Елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселмен күресуде де Ассамблея шет қалмауы тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мұның бәрі халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтады. Сондай-ақ еліміздің болашақ келбетін қалыптастырады. Дегенмен, Құрылтайда айтылған жалпыұлттық доктрина, яғни тұғырнама жетекші қоғамдық институттардың барлығы қолдаса ғана толық жұмыс істей алатынын ұғынған жөн. Ондағы негізгі қағидаттарды орнықтыру ісінде Ассамблея басты рөл атқаруға тиіс.
Қ.Тоқаев: Қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қоямыз
Қазір әлемдік ахуал күрделі. Ресей-Украина, Израил мен Палестина арасындағы жағдай бейбітшіліктің бәрінен қымбат екенін көрсетті. Осы орайда Ассамблея дінге, ұлтқа бөліну секілді сепаратизмнің алдын алуы керек. Лаңкестерден төнген қауіп те арта түсті. Таяуда жұртты қанға бөктірген Мәскеудегі лаңкестік оқиға жүрегімізге өте ауыр тиді, деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан халықаралық құқықты және гуманистік идеалдарды берік ұстанатын ел ретінде алғашқылардың бірі болып Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерді бейбіт халыққа жасалған сұмдық қатыгез әрекетті айыптауға шақырды. Барша адамзат өзара диалог орнатып, күш біріктіру арқылы ғана халықаралық қатынас саласындағы күйреу мен ыдырау үрдісіне төтеп береді, берекесіздік пен сенімсіздікті еңсере алады.
Президент: Қазақ тілі этносаралық қарым-қатынас тіліне айналады
Тіл мәселесіне келгенде де өте сақ болуымыз керек. Президент бұл орайда сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет дейді. Бірақ бұл мемлекеттік тілді дамытуға назар аудармаймыз деген сөз емес. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін деді Мемлекет басшысы. Енді Ассамблеяның бұл бағыттағы жұмысы жандана түспек.
Ақбаржон Исмаилов, ҚХА мүшесі:
Қазақстан халқы Ассамблеясында 34 Достық үйі бар. Сол 34 Достық үйінде мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілінен басқа этнос өкілдері сабақ береді. Яғни қазіргі кезде мемлекеттік тіл үлкен бір брендке айналды.
Президент ҚХА XXXIII сессиясын өткізді
Қазір еліміздегі ұлттарды ұйыстырып отырған Ассамблея отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде дамып келеді. Графика: 34 достық үйі бар. Былтыр Ақсақалдар кеңесі мен этномедиация институты құрылды. Оған екі жарым мыңнан астам адам жүгініп, мәселелері оң шешімін тапты. Этносаралық салада 3 зерттеу жүргізіп, 10 өңірде мониторингтік топтар жұмыс істейді.
Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:
Ассамблеяның басты миссиясы барлық этностарды қазақ халқының қасына ұйыстырып, бір шаңырақ астына жинау. Бір елдің азаматы, мүддеміз бір, болашағымыз бір. Жасап жатқан ісіміз бір. Әлібетте Ассамблея мүшелері оны жақсы түсінеді.
Қазір Түркістан, Жамбыл облыстарында ұлтаралық алауыздықтың алдын алу жұмыстары тиімді жүріп жатыр. Бұл тәжірибені барлық өңірге енгізу қажет деді президент. Ал жиын соңында мемлекеттік тілді дамытып, бірлікті арттыруға ат салысып жүрген бір топ белсендіні наградамент марапаттады.
Досжан Маратұлы, тілші:
Сөз соңында Президент қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – басты міндет деді. Ал қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қоылатынын тағы бір қадап айтты. Әрине бұл тұста Ассамблеяға артылар жүк ауыр. Сондықтан бұл институтты жан-жақты жаңғырту жұмыстары жалғаса бермек.
Досжан Маратұлы