Қоғамдық келісім кеңесі маңызды іс-шараларды атқаруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық келісім кеңесі маңызды іс-шараларды атқаруда

27.09.2019

Қазір елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен құрылған 2786 қоғамдық келісім кеңесі бар. Олар 23 мыңнан аса адамды біріктіріп, жүйелі жұмыс істеп отыр. Алматыда бас қосқан Қоғамдық келісім кеңесі өкілдері осыны жеткізді. 

Олардың айтуынша, Ассамблея азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше бастаманы қолға алды. Биыл ел бюджетінен келісім кеңестеріне 90 миллиард теңге бөлінген. Осы қыруар қаражаттың есебінен ірі кәсіпорындарда да кеңселер ашылып жатыр. Онда арнайы топтар құрылып, мамандар өңірдегі маңызды мәселелердің оңтайлы шешілуіне күш жұмсайды. Сонымен қатар, жас кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру үшін бағыт-бағдар беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. 

Бекзат Алтынбеков, Қарағанды облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

Кез келген жағдайда келісім орын тапқан жерде мәселе болмайтындығын жеткізу мақсатында үлкен жұмыстар жүргізіліп отыр. Бүгін, міне, Қарағанды облысының өзінде агросекторға бөлініп отқан қаражаттың дұрыс бөлінуіне, сол салаға кеткен ақша мақсатты жұмсалуына қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы ретінде өзім, мүшелері, әрбір ауыл-аймақтан құрылған кеңестің мүшелері үлкен белсенділік танытып отыр.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу