Оралда зообаққа аңдар оралды
Жайықпен қоса Шаған өзенінің деңгейі өткен тәулікте 5 сантиметрге төмендеді. Тиісінше, жарты аумағын су басқан зообаққа төнген қауіп сейілді. Сондықтан хайуанаттар бағынығң қызметкерлері тасқын кезінде қауіпсіз аумаққа эвакуацияланған жануарларды қайта әкеліп жатыр. Бұл сәтке сол маңда жүрген тілшімі Нұрсұлтан Тілектес куә болған еді. Нұрсұлтан оншақты күн үйінен жырақта болған жануарлардың қазіргі жағдай қандай?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Арнайы көлікпен пони, ешкі сынды жануарлар жеткізілді. Расымен де бұлар оншақты күн түрлі орталықтарда, бейтаныс ортада болды. Сондықтан арасында аздап шошынып, үркіп жатқандары бар. Десе де, өз үйлеріне оралды. Жануарлар қазір арнайы орындарына жайғастырылып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Орталықта бүгінде 90 түрлі 250 жануар бар. Шаған өзені ернеуінен тасып, зообаққа қауіп төнгенде оның барлығы қауіпсіз аймаққа көшірілген еді. Орталықты тасқыннан қорғап қалған анау тұрған бөгеттер. Оны Ұлттық ұланның 70-ке жуық сарбазы тұрғызған еді. Көріп тұрғандарыңыздай мына біз тұрған жерге су жетпеген. Яғни, қорған өз пайдасын тигізді. Енді бөгеттің әр жағындағы жиналған судың кетуіне біршама уақыт керек. Ең бастысы адам шығыны жоқ, жануарлар да дін аман.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін бес боксшымыз алтынға таласады
10.04.2026, 10:45
Алматыда магнолия ағаштары гүлдеп, қалаға ерекше көрік берді
10.04.2026, 10:43
Шымкенттік оқушылар мектеп жылыжайында маракуйя өсіреді
10.04.2026, 10:42
«Темірлан» тарихи драмасы көрерменге жол тартты
10.04.2026, 10:38
5 мыңнан астам қолжазба цифрлы форматқа көшіріліп жатыр
10.04.2026, 10:20
БҚО-да ғалымдар Алтын орда дәуіріндегі қорымды тапты
10.04.2026, 10:19
Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина науқастарға салына бастады
10.04.2026, 10:17
Пасха мерекесіне орай Украинадағы соғысқа үзіліс жарияланды
10.04.2026, 10:11