БҚО-ға тәжік елінен гуманитарлық көмек жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-ға тәжік елінен гуманитарлық көмек жетті

25.04.2024

Батыс Қазақстан облысына Тәжікстан елінен 7 вагон гуманитарлық көмек жетті. Қалыптасқан қиын жағдайға бей-жай қарамаған көршілес елге Жайық жұртшылығының алғысы зор. Жүк ішінде цемент, шифер секілді құрылыс материалдары, азық-түлік, киім-кешек, төсек орын бар. Бір вагонға таза су тиелген. Келген жүк қоймаға түсіріліп, жиналады. Тізімі жасалып, есептеліп, су басқан аудандарға, эвакуациялық орталықтарға жөнелтіледі. Істің басы-қасында гуманитарлық көмек жөніндегі облыстық штаб пен комиссияның өкілдері жүр. Жалпы Тәжікстаннан елімізге 56 вагон мен 15 жүк көлігіне тиелген 3 мың 500 тонна көмек келді.

Ербол Салықов, облыстық гуманитарлық көмек жөніндегі комиссияның төрағасы:

Қазақ елінің атынан, облыс жұртшылығы атынан көршілес тәжік халқына, елдің басшылығына үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Рахметімізді айтамыз. Көмекті жіберіп, ұйымдастырып отырған, осында қызмет етіп жатқан азаматтарға - бәріне ризашылығымызды білдіреміз. Бірлігіміз нығая берсін!

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу