Су тасқыны салдарынан 8200 бас мал қырылды
Соңғы дерек бойынша елімізде су тасқыны салдарынан 8 200 бас мал қырылған. Олардың 70 пайызы қой мен ешкі. Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген малдың 8 мыңға жуығы жойылғанын хабарлады. Cондай-ақ, «Шығу тегі күмәнді етті сатып жатыр»,- деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Осыған дейін республикалық штабтың хаттамасымен өлген жануарлардың құнын өтеу алгоритмі бекітілген еді. Өтемақы алу үшін өтініш берушілер залалды актілеу мақсатында жергілікті Комиссияға жүгінуі қажет. Қазір өңірлерде өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төлеу жүйелі түрде жүргізіліп жатыр деді.
Олжас Тілебалдин, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 780 бас малына 113,2 млн теңге, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 753 бас малына 98,3 млн теңге сомасында өтемақы төленді. Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша залал толығымен өтелді, Батыс Қазақстан облысында өтемақыға 187,4 млн теңге бөлінді, өтінімдерді қабылдау рәсімі жүргізілуде, төлем апта соңында басталады.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12