Жайық өзенінде су деңгейі 7 сантиметрге көтерілді
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келеді. Аймақтағы жедел штабтың соңғы ақпаратына сәйкес, Индербор кентіндегі бекетте су 7 сантиметрге көтеріліп, 604 см-ге, яғни 6 метр 4 см-ге жетті. Сондай-ақ, Жайықтың Махамбет кентінің гидропостындағы су тәулік ішінде 6 см-ге дейін жоғарылаған. Жайықтың Батыс Қазақстан облысындағы аумағында судың түсуі байқалады. Атап айтқанда, Январцево ауылында 7, Оралда 2, Көшімде 1 сантиметрге төмендеген. Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин Жайық өзенінің суы аудан аумағынан төменге өтіп жатқанын жеткізді. Жалпы, жағдай қалыпты. Бөгеттерді нығайту, биіктету жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05