Ақтөбеде тасқын кезінде өлген малға өтемақы төленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде тасқын кезінде өлген малға өтемақы төленіп жатыр

24.04.2024

Ақтөбе облысында тасқын кезінде өлген малға өтемақы төленіп жатыр. Өңірде 3 232 бас суға кеткен еді. 600-ден астам түлік үшін иелеріне 89 миллион теңгеден артық қаржы төленді.

Мал шығыны әсіресе, Ойыл мен Қобда ауданында көп тіркелді. Ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары мен жекелеген тұрғындардан қазірге дейін 278 арыз түскен. Оның 35-іне қаржы төленді. Мал өлекселері инсенераторлар арқылы өртеліп жатыр. Өтемақы алу үшін мал иесі түліктің ені мен басқа да белгілері арқылы оның өзіне тиесілі екенін дәлелдеп, комиссияға тіркетуі тиіс. Әр ауданда статистика басқармасының филалы бар. Ол жердегі мамандар әр малдың жасы мен нарықтағы бағасын зерделеп, төленетін қаржы көлемін анықтайды.

Рүстем Өтеш, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

Малдың өлексесі болу керек, ауыл шаруашылығы базасында тіркелген болуы керек. Өлексесі бар, бірақ сырғасы түсіп қалған болуы мүмкін. Ол кезде де ауыл шаруашылық баазасында тіркелген болу керек. Солай бақыланып жатыр. Мемлекет қаржысы болғаннан кейін оны комисся мұқият қарап жатыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу