Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін волонтерлер күш біріктіріп жатыр. Бүгін Республикалық волонтерлер штабының алаңында жастар ұйымдарының жетекшілері бас қосып, осы мәселені талқылады. Белсенді жастардың айтуынша қазірдің өзінде еріктілер ерлік жасап жүр. Мыңдаған волонтер тұрғындарды эвакуациялауға, гуманитарлық көмек жинап, оны үлестіруге жұмылдырылған. Мәселен, «AMANAT» партиясының ел аумағындағы филиалдары жанынан гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылған. Бір айда 4000 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық керек-жарақтар, құрылыс материалдары және өзге де қажетті заттар жиналды. Сондай-ақ Атырауда жастар ұзындығы 22 шақырым болатын бөгет құрылысына қатысты. Қазір бөгетті 6 метрге дейін биіктету жұмысы жүріп жатыр.
Досжан Маратұлы