БҚО-да тұрғындарға көмек беру үшін 1,6 млрд теңге бөлінді
Батыс Қазақстан облысында тасқын салдарын жоюға облыстық резервтен 1,6 млрд теңге жұмсалады. Қазір содан зардап шеккен тұрғындарға бір реттік көмек беруге және мал шығынын өтеуге 600 млндай теңге қаражат алынды. Алдағы күндері су басқан аумақтардағы қалалық және аудандық бюджеттерге жіберіледі. Аймақта тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369 мың теңге көлемінде бірреттік материалдық көмек беріліп жатыр. Қазір 1 500-дей отбасы әлеуметтік төлем алды. Сондай-ақ қарғын суда арам өлген 2 400 түліктің шығыны да өтеледі. Ал егер сырғасы болмай, дерекқорда тіркелмеген болса, шығын демеушілердің есебінен жабылады.
Нұрлан Есенғалиев, облыстық қаржы басқармасының басшысы:
Облыстық бюджет резервінде күні бүгінге 1,6 млрд теңге қарастырылып отыр. Бүгінде 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы төлеуге облыстық бюджет резервінен 402 млн теңге қаражат бөлінді. Екінші мәселе - 187 млн теңге мал шығыны өтелетін болады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы стадион 4 жыл бойы салынып бітер емес
06.05.2026, 13:24
Ақмола облысында «Менің таза өлкем» фотобайқауы өткізілді
06.05.2026, 13:21
Каспийде алып кеме жүзетін болды
06.05.2026, 13:18
Қарағанды облысының Молодежный кентінде 15 шақырым тоқ желісін жаңартады
06.05.2026, 13:15
Абай облысының инфрақұрылымын жаңартуға ₸2,5 млрд бөлінді
06.05.2026, 13:12
Шымкентте «Мерген» бақылау камераларын қосты
06.05.2026, 13:09
Тегерандағы сауда орталығында 8 адам мерт болды
06.05.2026, 13:06
Қытайдағы жарылыс құрбандары 26-ға жетті
06.05.2026, 13:03