Қытайдағы су тасқыны: Құтқару жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы су тасқыны: Құтқару жұмыстары жүріп жатыр

24.04.2024

Қытайдың су тасқыны жайлаған Гуандун провинциясында тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру әлі жалғасып жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына қайықтар мен тікұшақтар тартылған. Су апатынан мұнда 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын жоғалып кеткен. Ел экономикасына 19 млн доллар шығын келді. Аймақта жауын әлі тоқтаған жоқ. Ауа-райы болжамына қарағанда, жаңбыр мұнда сәуірдің соңына дейін жалғасады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу