Өз ұлтын шын жақсы көретін адам қайда жүрсе де төл тамырынан ажырамай, ұлттық болмасын сақтап қалады. Оған Канадада тұрып жатқан Раунақтар отбасы дәлел. Қазақстаннан сонау кеңес одағы кезінде кетсе, үлгілі әулет балаларының бойына қазақы дәстүрді сіңіріп қазақы рухта тәрбиелеп өсірген. Жалғас Сәдібекұлының репортажы.
Лиза Раунақ Қазақстаннан 1983 жылы кеткенін айтады. Ресейде оқып, күйеуге шығады, кейін Канадаға көшеді. Үш баласы да шетелде туып өсті. Қырық жыл жырақта жүрсе де ана тілін ұмытпай, балаларының бойына қазақы болмысты сіңіріп өсіреді. Үйінің бір бөлмесінен қазақы бұрыш жасап қойған. Ұл-қыздарына бесік жырын айтып, ойыншық орныны бесік беріп тәрбиелейді.
Лиза Раунақ, Торонто қаласының тұрғыны:
Анам өзі бар кезінде тігіп берген. Балаларым ойнады. Немерелерім болса олар да ойнайды.
Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі емес пе. Ұлттық тәрбиемен өскен балалары қазақы дәстүрге сай келін түсіріп, қазақы жөн жоралғымен ұзатылған.
Лиза Раунақ Торонто қаласының тұрғыны:
Жәмиля өзі қалады тұрмысқа қазақша шығуын, үйден шығуын. Папасы батасын берді. Мына үйді қазақша қылып істедік. Үйде қазақа көрпелер көп. Қазақ ат батасын бердік.
Раунақтар Торонта қаласына Қазақтаннан алғаш келген отбасылардың бірі. Қоныс аударғандарына биыл жиырма жеті жыл. Бірақ шаһарда осы аралықта қазақ диаспорасы бірнеше есе көбейген. Өскелең ұрпақ ұлттық тамырынан ажырап қалмас үшін жиі бас қосып, мерекелерді бірге атап өтуге тырысады.
Лиза Раунақ, Торонто қаласының тұрғыны:
Балалар өз қазағымызбен отырғанда өте жақсы сезінеді. Олар да Қазақстанды, туған-туысқандықты сағынады.
Қонақжай отбасының дастарханы да жиі жайылады. Домбыра күмбірі мен төгілген ән күй елге деген сағынышты бір сәтке болса да басады дейді өздері.
Жалғас Сәдібекұлы