Еліміздің Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан Облысындағы республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.
Ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста СҚО мен Қостанайдың 4 автожолында жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды. Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған.Бұдан бөлек зардап шеккендерге гуманитарлық жүктерді Қазақстандағы ақылы жолдармен тегін тасымалдауға болады. Тегін жол жүру мүмкіндігін пайдалану үшін жүргізушілер 24 сәуір мен 5 мамыр аралығында 14 03 телефоны арқылы өтініш қалдыруы керек. Оператор автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсетуі қажет.
Аида Ахметбек