Қазақстандық делегация Дүниежүзілік банктің көктемгі сессиясына қатысты
Вашингтонда өткен Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы Көктемгі сессиясына қазақстандық делегация да қатысты. Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылары бірқатар кездесу өткізді. Ірі халықаралық қаржы институттарының және АҚШ Сауда палатасың жеткшілерімен екіжақты және көпжақты экономикалық байланыс жайын талқылады. Кездесу аясында Қазақстанның тасқыннан зардап шеккен өңірлерін жедел қалпына келтіру мәселесі де айтылды. Дүниежүзілік банк өкілдері қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуге дайын екенін білдірді.
Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
Біз инвесторлармен, рейтингтік агенттіктермен және басқа да серіктестермен кездестік. Еліміздің макроэкономикалық мәселелерін, тасқын жайын сөз еттік. Қазақстанға инвестиция тарту, қаржы технологияларын дамыту, Орталық банктің сандық валютасы және басқа да халықаралық маңызы бар сұрақтарды талқыладық.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02