Оралда 11 учаскеде дамбы салу жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 11 учаскеде дамбы салу жұмыстары жүріп жатыр

23.04.2024

Көшпелі студия Орал қаласындағы орталық саябақтан тікелей эфирге қосылып тұр. Ұлттық арна үшінші апта елдің батысындағы жағдайды, осы көшпелі студия арқылы өздеріңізге жеткізіп жүр. Бұған дейін Атыраудан тікелей эфирге қосылсақ, өткен аптаден бері Орал қаласынан хабар таратып жүрміз. Менің артымда тұрған су Жайықтың суы. Ол саябаққа жайылған. Жайық суы әр төңіректен әлсін-әлсін өлшеніп отыр. Бір елдімекендерде су деңгейі көтірілсе, бір аумақта керісінше түскен. Демек жағдай әлі тұрақсыз. Саяжайлардағы адамдар түгелдей эвакуацияланған. Қазір Курени, Старица және Коминтерн шағын аудандарында халықты құлақтандыру, эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы қала 17 қауіпті учаскеге бөлінді. Соның 11-де дамбы салу, тасқынға қарсы күрес жұмыстары аяқталды. Ал қалған алтауында жұмыс әлі жүріп жатыр. Облыс бойынша салынған, нығайтылған бөгеттің ұзындығы 100 шақырымнан асады. 

Дархан Рахымжан 

Хабарламаларға жазылу