Кітапханаға жылына 50 мыңнан астам оқырман келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кітапханаға жылына 50 мыңнан астам оқырман келеді

23.04.2024

Ақтауда Қабиболла Сыдықов атындағы облыстық әмбебап кітапханада ашық есік күні өтіп жатыр. Шара бүкіл әлемдік кітап күніне орай ұйымдастырылған. Мамандар қордағы жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру үшін, кітаптардан бірнеше көрме жасаған. Сондай-ақ, Бердібек Соқпақбаев шығармаларының байқауы өтуде. Мұнда колледж студенттері бақ сынауда. Бүгінде кітахана қорында 450 мыңнан астам кітап бар. Оның 90 мыңдайы балалар әдебиеті. Сонымен қатар кәсіптік білім беру бағытындағы оқулықтар, зағип жандарға арналған әдебиеттер де бар.

Әлихан Сырымов, Ақтау қаласының тұрғыны:

Кітап негізі бұл көненің көзі деген ұғым бар менде. Яғни кітапты оқу арқылы ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысасың. Жалпы мен жастарға кітап оқуға шағырамын. Ол дұрыс. Көбінесе телміріп телефонда отырғаннан кітап оқыған өте жақсы. Денсаулыққа да жақсы, ақпаратты да көп аласың.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу